Ақмола облысында әйелі қызғаныштан күйеуін пышақтап тастады

Фотография - Ақмола облысында әйелі қызғаныштан күйеуін пышақтап тастады

Щучинск қаласының Бурабай ауданының кезекші бөліміне аудандық аурухананың дәрігерлерінен телефон хабарламасы түсіп, онда қабылдау бөлмесіне жамбасынан пышақ жарақатын алған 42 жастағы ер адамның жеткізілгеніндігі айтылған, деп хабарлады Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметінен

135 0

Щучинск қаласының Бурабай ауданының кезекші бөліміне аудандық аурухананың дәрігерлерінен телефон хабарламасы түсіп, онда қабылдау бөлмесіне жамбасынан пышақ жарақатын алған 42 жастағы ер адамның жеткізілгеніндігі айтылған, деп хабарлады Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметінен.

Жапа шеккен адамның сол жақ жамбасының қан тамырлары зақымданған. Бірнеше сағат өткеннен кейін ер адам жан тапсырды.

Жедел іздеу шараларының барысында полиция қызметкерлері өлімге әкеп соққан пышақ жарақатын зардап шегушіге оның әйелі салғанын анықтады. Ал жанжалдың тууына қызғаныш себеп болған.

Қазіргі уақытта 34 жастағы күдікті әйел ешқайда кетпеу туралы қағазбен босатылды. ҚР ҚК 103-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!