Маңғыстау облысындағы төтенше оқиға: мұнай тиелген құрам бензин таситын көлікпен соқтығысты, зардап шеккендер бар

Фотография - Маңғыстау облысындағы төтенше оқиға: мұнай тиелген құрам бензин таситын көлікпен соқтығысты, зардап шеккендер бар

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы Баянды және Жаңадәулет кенттері арасындағы теміржол өткелінде «Емир Ойл» ЖШС мұнай таситын көлігі жүк пойызымен (барлығы 33 цистерна және 23 жүк вагоны) соқтығысты

470 0

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы Баянды және Жаңадәулет кенттері арасындағы теміржол өткелінде «Емир Ойл» ЖШС мұнай таситын көлігі жүк пойызымен (барлығы 33 цистерна және 23 жүк вагоны) соқтығысты.

Оқиға салдарынан мұнай құйылған 20 теміржол цистернасы аударылып, 17 цистерна отқа оранды. Жалын 1 000 шаршы метр аумақты қамтыды. Өрт сөндіру барысында машинист құтқарылып, ауруханаға жеткізілді, 23 жастағы машинст көмекшісінің мәйіті анықталды. 215 метр теміржол төсемі бүлінді. Үш жолаушылар пойызының қозғалысы тоқтатылды. Жолаушыларды тасымалдауға Тамақ разъезінен 30 автобус тартылды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Жалынды ауыздықтауға 286 адам, 64 бірлік техзника, 1 өрт сөндіру пойызы және 1 қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды. Оның 71-і Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы және 15 бірлік техникасы, «Ақ берен» РМКК 5 адамы мен 1 бірлік техникасы, «Медициналық апаттар орталығы» мемлекеттік мекемесінің 3 адамы мен 1 бірлік техникасы және ҚР ТЖМ «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының 10 адамы мен 2 бірлік техникасы.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!