Алматы облысында мас ер адам ауылдасына оқ атты

Фотография - Алматы облысында мас ер адам ауылдасына оқ атты

Алматы облысында полицейлер мас күйінде ауылдасына мылтықтан оқ атқан қарулы ер адамды ұстады

268 0

Алматы облысында полицейлер мас күйінде ауылдасына мылтықтан оқ атқан қарулы ер адамды ұстады.

Атыс фактісі Еңбекшіқазақ ауданының Екпінді ауылында тіркелді, осы елді мекеннен Есік қаласындағы ауруханаға мылтық оғынан жараланған 30 жастағы жігіт жеткізілді.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер мылтықтан оқ атқан адамды анықтап, одан 32-калибрлі бір оқпанды «ИЖ» мылтығын тәркіледі. Мылтықтың зауыттық нөмірі өшкен, ал оның иесінде тиісті рұқсат құжаттары болмаған - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Еңбекшіқазақ АІІБ денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісімен ҚР ҚК-нің 2-бөлімі 103-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тәркіленген мылтық отты қаруды қолдану арқылы басқа да қылмыстарға қатыстылығы жөнінде баллистикалық сараптамаға жіберілді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!