Етігінің өкшесімен тұншықтырып өлтірді

Фотография - Етігінің өкшесімен тұншықтырып өлтірді

Алматы облысының полицейлері өлтіру құралы ретінде етігінің өкшесін пайдаланған әйелді тұтқындады

140 0

Алматы облысының полицейлері өлтіру құралы ретінде етігінің өкшесін пайдаланған әйелді тұтқындады.

Ақпарат көзінің мәліметіне қарағанда, жексенбі күні таңертеңгілік Қербұлақ ауданының Сарыөзек ауылындағы үйдің бірінен 42 жастағы әйелдің мәйіті табылған. Тексере келе анықталғандай, жәбірленушінің тамағында әйел аяқкиімінің ізі қалыпты. Оның жұтқыншағы мыжылған екен. Дегенмен, қылмыс орынында қалған айғақтарға қарап, ізкесушілер көрші әйелді тұтқынға алып отыр - деп хабарлады  baq.kz

Оқиға былай болыпты: әуеліде олар спирттік ішімдік ішкен, сосын ұрысып қалып, біраз жұлысқан. Төбелес барысында жәбірленуші жеңіліп, талып қалады. Ал, көрші әйел осы уақытта оң аяғындағы етігінің өкшесімен тамағын басып, тұншықтырып өлтірген.

Қазір аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!