Алапат өртке кінәлі көлік жүргізушісі тепловозды көрмей қалғанын айтуда

Фотография - Алапат өртке кінәлі көлік жүргізушісі тепловозды көрмей қалғанын айтуда

Мұнай тиеген жылжымалы құраммен жанармай тасымалдайтын "MAN" жүк көлігінің жүргізушісі темір жол өткелінен өтерде ешқандай тепловозды көрмегенін мәлімдеуде,жүргізуші Д. Сүндетов медициналық тұрғыдан дені сау және сол күні ешқандай да спиртті ішімдік пайдаланбаған

231 0

Мұнай тиеген жылжымалы құраммен жанармай тасымалдайтын "MAN" жүк көлігінің жүргізушісі темір жол өткелінен өтерде ешқандай тепловозды көрмегенін мәлімдеуде,жүргізуші Д. Сүндетов медициналық тұрғыдан дені сау және сол күні ешқандай да спиртті ішімдік пайдаланбаған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптаның сенбісінде Маңғыстау облысындағы Маңғыстау жол бөлімшесіне тиесілі «Тамақ – Маңғышлақ» учаскесінде жылжымалы құрам мен жанармай таситын "MAN" жүк көлігі соқтығысқан болатын. Салдарынан оқиға орнында алапат өрт шығып, мұнай тиеген 20 цистернаның 17-сі отқа оранған. Ал тепловоз машинисінің көмекшісі көз жұмған еді.

Осы оқиғаға байланысты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі көлік прокуратурасының деректеріне сүйене отырып, «1961 жылы туылған Д. Сүндетов есімді жүргізуші өткел алдындағы тиісті ережелерді сақтап, қызыл түске тоқтағанымен, пойыздың жақындап қалғанына және арнайы берілген белгілерге қарамай түсініксіз жағдайда жүк көлігін орнынан қозғаған» деп ақпарат таратты.

«Эмир Ойл» компаниясының қызметкері 1979 жылдан бері көлік тізгіндеп келеді және оның соңғы сегіз жылында аталған компаниядағы қызмет өтілінде ешқандай да өрескел қателікке бой алдырмаған көрінеді.

Ал енді жүргізушінің сөзіне сенсек, оқиға былай өрбіген: Сол күнгі таңғы 8-де көлікке жанармай тиеп, жолға шыққан. База маңындағы темір жол өткелінде «ТОҚТА» белгісі бар. Мен оған тоқтап, оң-солыма көз жүгірттім. Ештеңе көрінбеді. Егер көрген болсам, әрине, орнымнан қозғалмас едім. Ал жарылыс әп-сәтте орын алды. Артыма қарасам, рельс үстінде қалып қойған тіркемелі цистернаны тепловоз жалынға орап, сырып барады... Мен мұның алдында ешқандай да пойыз көрмеп едім. Жанарым тұманданып, көзім байланған болып тұр ғой. Әйтпесе, қасақана әрекет етіп кісі баласына қиянат жасайтындай, ешкімге өкпе-ренішім де жоқ» - дейді ол. Сонымен қатар, оқиға орнынан қашып кетпегендігін де арнайы ескертуде - деп хабарлады  baq.kz

«Бұл мен үшін үлкен өкініш. Кейбіреулер жақын туыстарынан айырылды. Олардан кешірім сұрай отырып, шамам келгенше көмектесермін. Қайғылы оқиға салдарынан көз жұмған жігіт, өз ұлыммен түйдей құрдас екен. Оның туыстарының қайғысына ортақпын» - дейді жүк көлігінің жүргізушісі.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!