Ақмола облысында 500 млн. теңгеден астам қаржыны жымқырған жалған кәсіпкер ұсталды

Фотография - Ақмола облысында 500 млн. теңгеден астам қаржыны жымқырған жалған кәсіпкер ұсталды

Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы департаментімен жедел-іздестіру іс шараларын өткізу барысында жалған кәсіпкерлік фактісі анықталып, Көкшетау қаласының 50 жастағы тұрғыны Н. Нұрбаев ұсталды

144 0

Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы департаментімен жедел-іздестіру іс шараларын өткізу барысында жалған кәсіпкерлік фактісі анықталып, Көкшетау қаласының 50 жастағы тұрғыны Н. Нұрбаев ұсталды. Аталған тұлғаға қатысты ҚР ҚК 192 бабының 2 бөлігі «б» тармағымен қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталынған тұлға ҚР Қаржы министрлігі салық комитетінің бұрынғы қызметкері болып табылады. Ол 2010-2012 жылдар аралығында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру ниетінсіз адамдар тобымен әрекет етіп, Ақмола облысының әділет органдарында бірнеше кәсіпорынды тіркеген. Аталған кәсіпорындарды бұдан бұрын ұрлау фактілері бойынша сотталған адамдарға тіркеген. Салық төлемеу арқылы мемлекетке келтірілген залал 500 млн. теңгеден астам соманы құрады - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Ағымдағы жылғы 11 қарашада соттың санкциясымен Н.Нұрбаев қамауға алынып, тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта Н.Нұрбаев пен басқа да осы іске қатысты адамдарға қарсы жалған кәсіпорындарды құру фактілері бойынша бірқатар қылмыстық істер қозғау мәселесі шешілуде, деп хабарлады Ақмола облыстық Қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!