Алматыда ер азамат өзін ренжіткен 15 жасар қызды ұрып өлтірген

Фотография - Алматыда ер азамат өзін ренжіткен 15 жасар қызды ұрып өлтірген

Алматыда 15 жасар қыздың сөзін көтере алмаған ер азамат оны ұрып өлтірген, деп хабарлады Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі.

200 0

Алматыда 15 жасар қыздың сөзін көтере алмаған ер азамат оны ұрып өлтірген, деп хабарлады Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, 15 жасар қыздың өлі денесі «Баума» тоғайынан табылған. Сот-медициналық сараптама қыз баланың басынан қатты соққы алып, миі шайқалуынан қаза болғанын анықтады.

«Бірден арнайы жедел тергеу тобы құрылып, оның құрамына ІІД Қылмыстық полиция басқармасы жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің жедел уәкілдері кірді. Белгілі болғандай, қыз бала Түрксіб ауданына қарасты мектептердің бірінде 9-сыныпта оқиған. Ол қатарынан бірнеше жерде жұмыс істеген анасымен және әжесімен бірге тұрып, қадағалайтын адамның жоқтығынан көп уақытын өз бетімен өткізген. Біз қылмыс орын алған күнді минутына дейін нақтыладық. Анықталғандай, қыз бала футбол алаңынан бөгде ер азаматпен бірге кетіп қалған», - деп хабарлады Түрксіб аудандық ІІБ басшысы полиция подполковнигі Жаслан Тұрыспаев.

Ол азамат адам тонағаны үшін істі болған 26 жасар қала тұрғыны болып шықты. Ол өткен демалыста қолға түсті. Ер азамат кінәсін толығымен мойындап, қылмысқа қыз баланың ауыр сөздері итермелегін алға тартты.

«Күдікті ІІД-нің уақытша қамау абақтысына жабылды. Оған ҚР ҚК-нің 96-бабы 1 тармақшасына сәйкес айып тағылып отыр. Тергеу жалғасуда», - деп атап өтті подполковник Тұрыспаев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!