Шымкентте мас жүргізуші оқта тдарды қағып кеткен

Фотография - Шымкентте мас жүргізуші оқта тдарды қағып кеткен

Шымкентте ішімдік ішкен жүргізуші орындықта отырған екі студент қызды қағып кетті, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

124 0

Шымкентте ішімдік ішкен жүргізуші орындықта отырған екі студент қызды қағып кетті, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

«Шымкентте 13 қарашада түнгі сағат 00:30 шамасында Ынтымақ шағын ауданындағы көшелердің бірінде 1987 жылы туған «Мерседес-бенц» жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып бұрылысты көлігін басқара алмай қалады. Сөйтіп ол жеке тұрғын үйдің жанында орындықта отырған 1993 жылы туған екі қызды қағып кетіп, шарбаққа соғылған»,-деп жазылған хабарламада.

Жол апаты салдарынан бір қыз оқиға орнында жан тапсырды. Екіншісі және көлікте болған 1988 жылғы қыз түрлі жарақат алып ауруханаға түсіп, екеуі де естерін жимастан көз жұмған.

Полицейлердің хабарлауынша, үш қыз да студенттер, бірі Астанадан туыстарына қонаққа келген. Қазір жол апатына кінәлі жүргізуші қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!