Ақтөбеде 14 жыл бұрынғы қылмыстың беті енді ашылды

Фотография - Ақтөбеде 14 жыл бұрынғы қылмыстың беті енді ашылды

Тәртіп сақшылары 1999 жылы ІІМ ардагерін өлтірген қылмыскерлерді тапты

198 0

Тәртіп сақшылары 1999 жылы ІІМ ардагерін өлтірген қылмыскерлерді тапты, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Сол жылдары белгісіз үш адам қаладағы жекеменшік үйлердің біріне баса-көктеп кіріп, екі зейнеткерді аямай ұрып-соғып кеткен. Алған жарақаттардан ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкері оқиға орнында жан тапсырды. Әйелі аман қалды. Қарақшылар үйден зейнеткерлердің Ресейге көшу үшін жинап отырған ақшаларын алып кеткен.

Қылмыстық іс қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адамдардың кім екендігі белгісіз болғаннан кейін тоқтатылған болатын. Куәгерлердің мәліметі бойынша, 3 жас жігіт пен бір қыз күдікке алынған.

Облыстың ішкі істер департаменті мен Қылмыстық атқару жүйесі комитеті қызметкерлерінің қылмыстық істі тексеруі кезінде осы іске қатысты күдіктілерді анықтады.

Белгілі болғандай, қазір олар басқа қылмыстары үшін ұзақ мерзімге қамауға алынып, жазаларын өтеп жатыр екен. Атап айтқанда, олардың бірі 48 жастағы күдікті 2001 жылы осыған ұқсас қылмысы үшін 19 жылға бас бостандығынан айырылған, оның 1969 жылы туған сыбайласы 2004 жылы бар мүлкі тәркіленіп, 24 жылға түрмеге қамалды.

Қаза болған зейнеткердің әйелі күдіктілерді жазбай таныды. Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысты айыптау шешімі соттың қарауына жіберілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!