ОҚО колониясында есірткі сатумен айналысқан кіші сержант ұсталды

Фотография - ОҚО колониясында есірткі сатумен айналысқан кіші сержант ұсталды

Шымкенттің 33 жастағы әскери қызметкері түзету мекемелерінің бірінің аумағында ұсталды. Күдіктіні тінту кезінде есірткі сатудан түскен ақша және газетке ораулы 3 грамм марихуана тәркіленді

184 0

ОҚО колониясында есірткі сатумен айналысқан кіші сержант ұсталды, деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Шымкенттің 33 жастағы әскери қызметкері түзету мекемелерінің бірінің аумағында ұсталды. Күдіктіні тінту кезінде есірткі сатудан түскен ақша және газетке ораулы 3 грамм марихуана тәркіленді.

Полицияның мәліметтеріне қарағанда, ұсталған адам осы түзету мекемесінде жұмыс істеген және бір айға жуық уақыт бойы сотталғандарға есірткі сатқан. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!