Астанада екі Lexus-тің соқтығысуынан 6 адам зардап шекті

Фотография - Астанада екі Lexus-тің соқтығысуынан 6 адам зардап шекті

Астанадағы қиылыстардың бірінде Lexus LX570 және Lexus GS-300 маркалы екі автокөлік соқтығысты.

195 0

Астанадағы қиылыстардың бірінде Lexus LX570 және Lexus GS-300 маркалы екі автокөлік соқтығысты.

Джип алдымен газет дүңгіршегіне, кейіннен ағашқа соғылған. Оқиғадан 6 адам зардап шекті. Бұл туралы ақпаратты Bnews.kz ақпараттық порталы хабарлап отыр.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға бүгін түнде сағат 00.30-да орын алған. Lexus LX 570 жүргізушісі Абылай хан көшесінің бойымен келе жатып, Манас көшесіне қарай бұрылам дегенде аталмыш қиылыс арқылы қарсы бағытта келе жатқан Lexus GS-300 маркалы автокөлікпен соқтығысады. Салдарынан джип жүргіушісі рөлге ие бола алмай, алдымен газет дүңгіршегіне, кейін ағашқа соғылады.

Жедел жәрдем дәрігерлері хабарлағандай, ЖКО-дан 6 адам зардап шеккен. Екі жүргізуші де ауыр жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді. Бір жолаушы үйіне қайтарылды, қалғандары ауруханада.

Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!