35 500 АҚШ долларын шекарадан заңсыз алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды

Фотография - 35 500 АҚШ долларын шекарадан заңсыз алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды

Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Б.Қонысбаев көлік» өткізу бекетінде Ресей Федерациясының азаматы декларацияланбаған валюта әкетіп бара жатқан жерінен ұсталды

182 0

Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Б.Қонысбаев көлік» өткізу бекетінде Ресей Федерациясының азаматы декларацияланбаған валюта әкетіп бара жатқан жерінен ұсталды.

Біздің елден Өзбекстанға «Хюндай» автокөлігімен өтіп бара жатқан ресейлік азаматтың сөмкесін тексерген кезде 35 500 АҚШ доллары табылған.

Сондай-ақ қазақ-қырғыз бағытындағы «Қордай» шекара отрядының наряды салмағы екі жарым центнерден асатын халық тұтынатын тауарларды Қырғыз елінен бізге қарай өткізбекші болған 2 қырғыз азаматын қолға түсірді - деп хабарлады ҚазАқпарат

Аталған деректер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!