Оксфорд ғалымдары Қашаған апатын тексереді

Фотография - Оксфорд ғалымдары Қашаған апатын тексереді

Каспий теңізіндегі Қашаған мұнай кен орнында болған төтенше оқиға себебін анықтауға Оксфордтағы ғылыми орталықтың ғалымдары да кірісті

204 0

Каспий теңізіндегі Қашаған мұнай кен орнында болған төтенше оқиға себебін анықтауға Оксфордтағы ғылыми орталықтың ғалымдары да кірісті.

Қыркүйекте алғашқы мұнай өндіріле бастаған Қашағанда екі рет төтенше оқиға болған еді. Теңіздегі жасанды аралдан "Болашақ" зауытына баратын құбырдан осыған дейін екі рет - қыркүйек пен қазанда газдың сыртқа шығып жатқаны анықталып, мұнай өндіру тоқтатылған.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Оксфордтағы ғылыми орталыққа газ сыртқа шығып жатқан құбыр бөлшегі сараптамаға жіберілген.

Қарашаның 13-і күні Қазақстан мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин Қашағаннан мұнай сараптамасы жұмыстары аяқталған соң, желтоқсанның ортасынан бастап қана қайта өндіріле бастауы мүмкін екенін айтқан. Кейін Атырау облыстық экология департаменті Қашағанды игеріп жатқан консорциумды жоспардан тыс тексеруді бастаған.

Қашаған кен орнын барлаған мұнай компаниялары ондағы мұнай қоры 35 миллиард баррельге жуық деп бағалайды. Кенішті іске қосу жұмыстарына 13 жылда 48 миллиард доллар жұмсалған. Қашағаннан мұнай өндіруді бастау ісі бұдан бұрын бірнеше рет кейінге қалдырылған еді - деп хабарлады  azattyq.org

Қашаған жобасында қазақстандық "ҚазМұнайГаз", италиялық Agip, америкалық ExxonMobil, ағылшын-голландиялық Shell, франциялық Total (әрқайсысының үлесі - 16,81 пайыз), жапониялық U.S. Inpex North Caspian Sea (7,56 пайыз) компанияларының үлесі бар. Қашағандағы ConocoPhillips-тің 8,4 пайыз акциясын жуықта Қытайдың China National Petroleum Corporations (CNPC) компаниясы алған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!