Қызылордада Қызыл кітапқа енген ақбөкенді атқан аңшы қолға түсті

Фотография - Қызылордада Қызыл кітапқа енген ақбөкенді атқан аңшы қолға түсті

Қызылордада 20 қараша күні Қызыл кітапқа кірген аң - ақбөкенді рұқсатсыз атқан браконьер қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады

149 0

Қызылордада 20 қараша күні Қызыл кітапқа кірген аң - ақбөкенді рұқсатсыз атқан браконьер қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«20 қараша күні Қызылорда ОІІД Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері Арал ауданы аумағында «Лексус-470» маркалы автокөлігін тоқтатып тексеру барысында автокөлік салонынан «ақ бөкен» аңына ұқсас жануардың денесін тапқан. Сондай-ақ көліктен «МЦ 21 R» маркалы 12 калибрлі аңшы мылтығы 9 дана оғымен алынған», - делінген хабарламада.

Көлік иесі 1974 жылы туған Н.А. есімді азамат ұсталып, қазіргі таңда тексеру амалдары жүріп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!