Кісі өлтіріп, қан жүктегендер 15 жылға бас бостандықтарынан айрылды

Фотография - Кісі өлтіріп, қан жүктегендер 15 жылға бас бостандықтарынан айрылды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК 179-бабы 2-бөлімінің «а» тармағымен, 96-бабы 2-бөлімінің «ж, з» тармақшаларымен, 257-баптың 1-бөлімімен В.Тетерятников және ҚР ҚК 179-бабы 2-бөлімінің «а» тармағымен, 96-бабы 2-бөлімінің «ж, з» тармақшаларымен И.Трандафилов ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айрылды

226 0

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК 179-бабы 2-бөлімінің «а» тармағымен, 96-бабы 2-бөлімінің «ж, з» тармақшаларымен, 257-баптың 1-бөлімімен В.Тетерятников және ҚР ҚК 179-бабы 2-бөлімінің «а» тармағымен, 96-бабы 2-бөлімінің «ж, з» тармақшаларымен И.Трандафилов ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айрылды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған екеу Орал қаласындағы Циолковский көшесі 12-үйдің ауласында бұрыннан танитын С.Нечепуренкомен және тағы біреумен арақ ішкен. Кейін тергеумен анықталмаған ер адам кетіп қалады да, қалғандары «Победа» гараж кооперативіне келеді. Осы жерде Тетерятников пен Трандафилов Нечепуренконы соққыға жығып, қорқытып, тонайды. Онымен қоймай, Тетерятников Нечепуренконың белбеумен қылғындырып өлтіреді.

Бұдан кейін екеуі қылмыстық іздерін жасыру мақсатында Ақсай қаласында Трандафиловпен бірге тұрып жатқан С.Микрюкованың анасының тұрғылықты жеріне  келеді. Оның үйде жалғыз және қарсылық көрсете алмайтындығын біле отырып, ұйқысынан оятып, басынан соғады. Соның салдарынан Микрюкова құлап қалады. Тетерятников өзінің қылмыстық әрекеттерін жалғастырып, Микрюковаға дене жарақаттарын келтіріп, қылмыс жасаған жерінен тағы да қашып кетеді.

Сотта олар тағылған айыпты мойындамағанымен, дәлелдер жеткілікті болды. Тетерятников пен Трандафилов мүлкін тәркілеумен бірге 15 жылға бас бостандығынан айрылды. Олар жазасын қатаң тәртіптегі  түзеу колониясында өтейтін болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!