Жамбыл облысында барымташылар ұсталды

Фотография - Жамбыл облысында барымташылар ұсталды

Жамбыл облысында барымташылар құрықталды

271 0

Жамбыл облысында барымташылар құрықталды.

«Мал ұрлығы» жедел алдын алу шараларын жүргізудің нәтижесінде жылқы ұрлаған екі күдікті ұсталды», - деп хабарлады  өңірдің ІІД баспасөз қызметінен. Мерке ауданында жолдар мен малшылардың құпия жолын жабу кезінде тәртіп сақшылары Шу ауданынан ұрланған 17 жылқыны айдап келе жатқан күдіктіні қолға түсірді. Ұсталған адам өз қылмысын мойындап, жауап берді. Қазір ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Тұрар Рысқұлов ауданында ІІБ қызметкерлері Құлан ауылы тұрғынының екі жылқысын ұрлаған 33 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін істі болған. Күдікті ұрлық жасағанын мойындап, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Екі факті бойынша да қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Жамбыл облысының ІІД баспасөз қызметінен.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!