Ақтөбенің орталық базарында топтасып төбелескендер ұсталды

Фотография - Ақтөбенің орталық базарында топтасып төбелескендер ұсталды

Ақтөбенің орталық базарына кірер тұста топтасқан төбелес орын алды. Оны тек шұғыл әрекет ету арнайы жасағын шақыру арқылы тоқтату мүмкін болды

147 0

Ақтөбенің орталық базарына кірер тұста топтасқан төбелес орын алды. Оны тек шұғыл әрекет ету арнайы жасағын шақыру арқылы тоқтату мүмкін болды.

ІІД басшысының орынбасары Әскер Өтениязовтың сөзіне қарағанда, сенбі күні базарға кіреберіс жерде 10-нан астам адам бір жас жігітті ұрып жатқан. «Полиция қызметкерлерінің бір емес, бірнеше рет бұл әрекетті тоқтатуын талап етіп және болған жағдайды бөлімшеге барып анықтауға аталған азаматтар үзілді-кесілді қарсылық білдірген. Тәртіп бұзушылардың қарасы көбейген соң полиция қызметкерлері шұғыл әрекет ету арнайы жасағын көмекке шақыртты», - деді ол.

Арнайы жасақ жалпы 70-тен астам адамды ұстады. Болған жағдайды анықтау барысында белсене қатысқандардың саны 24 екені белгілі болды. Оларға қатысты «Полиция қызметкерлеріне қарсылық білдірді» деген бап бойынша әкімшілік жазалар қолданылды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Жапа шегуші Ақтөбе қаласының 31 жастағы жұмыссыз тұрғыны жамбасы сынып, қазір ауруханаға жатқызылды. «Бұзақылық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!