Жендет жалдап, нашақор баласын өлтірткен әйел ұсталды

Фотография - Жендет жалдап, нашақор баласын өлтірткен әйел ұсталды

Жетесіз ұл анасын қанды қылмысқа итермеледі! Алматы облысының тұрғыны жендет жалдап, туған ұлын өлтірткен! Ол бауыр еті баласының өмірін 10 мың долларға бағалапты. Айтуынша, мұндай соңғы қадамға мәжбүрлі түрде барған. 10 жылдан бері нашаның соңында жүрген кенже ұлы соңғы кезде тіпті маза беруді қойыпты

311 0

Жетесіз ұл анасын қанды қылмысқа итермеледі! Алматы облысының тұрғыны жендет жалдап, туған ұлын өлтірткен! Ол бауыр еті баласының өмірін 10 мың долларға бағалапты. Айтуынша, мұндай соңғы қадамға мәжбүрлі түрде барған. 10 жылдан бері нашаның соңында жүрген кенже ұлы соңғы кезде тіпті маза беруді қойыпты, деп хабарлады КТК.

Осылайша таныстарына ағынан жарылған ана 26 жастағы ұлының көзін құртуға бекінеді. Бұған себеп, нашақор ұлы үнемі жұдырық астына алады екен. Оның үстіне үйдегі қолына іліккенді ұрлап сатып, араққа, есірткіге жұмсаған. Шыдамы шегіне жеткен ана ақыры киллердің көмегіне жүгінген. Ақшаға зәру Алматының қос тұрғыны бірден келісіп, іске кіріседі. Марқұмды үйінен алдап шығарып, айдалада буындырып қалдырып кеткен. Кейін тергеу барысында қаскөйлердің бірі ізін суытып үлгерсе, сыбайласы қолға түседі. Қанды оқиғаның бүге-шегесіне дейін жайып салған ол тапсырыс берушінің де атын бірден айтқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!