Чехия азаматшасын тонады деген күдікпен үш адам ұсталды

Фотография - Чехия азаматшасын тонады деген күдікпен үш адам ұсталды

Елорда полициясының қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай Чехия Республикасының азаматшасын тонауға қатысқан үш адамды ұстады

213 0

Елорда полициясының қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай Чехия Республикасының азаматшасын тонауға қатысқан үш адамды ұстады.

 

Полицяның ақпараты бойынша, шамамен 17.00 кезінде Чехия азаматшасы ақша айырбастау пункттерінің бірінде ірі көлемдегі ақшасын  айырбастап, «Шкода» маркалы көлігіне отырған. Ол орнынан қозғалып үлгергенше, машина салонына бетінде маскасы бар ер адам кіріп үлгерген. Әйелдің ақша толы сөмкесі мен жеке заттарын тартып алған әлгі ізін жасырған.

 

«Шұғыл түрде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері ұрлықшылардың үшеу екендігін анықтады. Жедел іздеу шараларының барысында тәртіп сақшылары қылмыскерлердің ізіне түсіп, оларды ұстады. Заттай айғақтар тәркіленді», - делінген хабарламада.

 

Тергеу барысында ұсталғандардың кім екендігі анықталды. Жұмыс істемейтін,20 және 22 жас аралығындағы қарақшылардың басқа облыстарда тұратындығы және мұнда уақытша келгені белгілі болды - деп хабарлады newskaz.kz


«Құрықталғандардың сөзіне қарағанда, ұрлық жасауға қолайлы сәтті күткен. Ақша айрбастау пунктінде ақша ауыстырған әйелді көрген олар оны тонамақ болған. Салоннан сөмкені алып шыққан соң оқиға орнынан іздерін жасырып, кейіннен ақшаны 350000 теңгеден бөліп алған», - деп нақтыланады хабарламада.

 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 178-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!