ҚР СІМ Мәскеуде Қазақстан азаматшасының өлтірілгенін растады

Фотография - ҚР СІМ Мәскеуде Қазақстан азаматшасының өлтірілгенін растады

Сыртқы істер министрлігі 2013 жылы 23 қарашада Мәскеуде зорлықпен өлтірілген қазақстандық әйелдің мүрдесі табылғаны жайлы ақпаратты таратты

117 0

Сыртқы істер министрлігі 2013 жылы 23 қарашада Мәскеуде зорлықпен өлтірілген қазақстандық әйелдің мүрдесі табылғаны жайлы ақпаратты таратты.

ҚР Мәскеудегі консулдық бөлімінің ақпараты бойынша, өлтірілген әйел 32 жастағы Біржаханым Нажапова болып шықты.

Дәл осы күні, яғни 23 қарашада Мәскеудің тиісті тергеу органы өлтірілген Қазақстан азаматшасына қатысты іс қозғады. Қазіргі уақытта қылмысты жасаған адамды анықтау үшін жедел іздеу және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

ҚР СІМ бұл мәселені бақылауға алды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!