Талдықорғанда жоғалып кеткен кішкентай қыз аман-есен табылды

Фотография - Талдықорғанда жоғалып кеткен кішкентай қыз аман-есен табылды

Талдықорғанда осыдан үш күн бұрын жоғалып кеткен жеті жасар қызды полицейлер тауып алды. Бұл туралы «NewTimes.kz»  хабарлайды.

271 0

Талдықорғанда осыдан үш күн бұрын жоғалып кеткен жеті жасар қызды полицейлер тауып алды. Бұл туралы «NewTimes.kz»  хабарлайды.

«Іздеуде болған қыз аман-есен, қазір жағдайын дәрігерлер тексеріп жатыр. Іздестіру барысы мен қалай табылғандығы жөнінде кейінірек хабарланатын болады», - деп мәлім етті Алматы облыстық ІІД-ден.

«Қаршадай қыз Талдықорған қаласының орталығынан табылды», - деп мәлім етті қыз баланың туған-туыстары.

Бұған дейін хабарланғандай, 24 қараша күні кешке Талдықорған қаласының полициясына 2-сынып оқушысы Алуа Жүнісованың жоғалып кеткендігі туралы шағым түскен.

Сол күні Айқыз күйеуімен бірге қонаққа кетпек болып, балаларын 20 жасар туысының қарауына тастап кетеді. Жас жігіт Қайырбековтердің кенже ұлын ұйықтатып жатқанда, Алуа далаға ойнауға шығып кеткен.

Қыз баланы іздестіру үшін 500-ге тарта адам жұмылдырылған. 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!