Павлодар облысында 2 жасар бала кір жуатын машинаға түсіп қайтыс болды

Фотография - Павлодар облысында 2 жасар бала кір жуатын машинаға түсіп қайтыс болды

Железинка ауданына қарасты Веселая роща ауылында 2 жасар бала кір жуатын машинаға түсіп кетіп, тұншығып қайтыс болды.

191 0

Железинка ауданына қарасты Веселая роща ауылында 2 жасар бала кір жуатын машинаға түсіп кетіп, тұншығып қайтыс болды.

Бұл туралы BNews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Мағзұмоваға сілтеме жасап, хабарлайды.

«Қайғылы оқиға баланың анасы су алу үшін далаға шығып кеткен кезде орын алған. Далаға шығарда анасы жартылай автомат кір жуғыш машинаны сөндіріп, су тұрған бөлігін қақпағымен жауып кетеді. Алайда үйге кіргенде машина қосулы, жанында кішкентай орындық тұр, ал су турған бөлігінің қақпағы жартылай ашық қалыпты. Су толы бөшкенің ішіне үңілгенде анасы кішкентай ұлының батып кеткенін көреді», - деп әңгімеледі Б.Мағзұмова.

Аталған оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеуге дейінгі тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!