18 жастағы «Жигули» жолаушысы апат орнында мерт болды

Фотография - 18 жастағы «Жигули» жолаушысы апат орнында мерт болды

Семейде ВАЗ-2108 жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып ВАЗ-21099 автокөлігімен соқтығысты

137 0

Семейде ВАЗ-2108 жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып ВАЗ-21099 автокөлігімен соқтығысты.

Апаттың салдарынан оқиға орнында «Жигулидің» 18 жастағы жолаушысы мерт болды. Ал оның 19 жастағы жүргізушісі бас жарақаты және сынықтармен ауруханаға жатқызылды.

Полициядан хабарлағандай, жол апаты ВАЗ-2108 көлігінің кенеттен басты жолға шығып, ВАЗ-21099-ға жол бермеуі салдарынан орын алған.

Осы сияқты жол жүру ережесін сақтамаудан 10 айда 120 ЖКО орын алды. Салдарынан екі адам қаза болды, 185 адам жарақаттанды. Өткен жылмен салыстырғанда, өңірде апаттардың саны 54 пайызға артты. Жарақаттандардың саны 61 пайызға көбейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!