Қырғызстан азаматтары жол апатынан мерт болды

Фотография - Қырғызстан азаматтары жол апатынан мерт болды

Балқаш-Қарағанды жолының бойында орын алған жол апатынан Қырғызстанның екі тұрғыны қаза тапты, екі адам ауруханаға жатқызылды, үшеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді

137 0

Балқаш-Қарағанды жолының бойында орын алған жол апатынан Қырғызстанның екі тұрғыны қаза тапты, екі адам ауруханаға жатқызылды, үшеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«28 қараша күні Балқаш-Қарағанды жолының бойында, Балқаш қаласынан 25 шақырым жерде «Toyota radius» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі қырғызстандық азамат Қарағанды қаласына бара жатып көліктің басқару тетігіне ие бола алмай, жол жиегіне аударылды. Апат салдарынан екі жолаушы оқиға орнында жан тапсырды: 17 жасар қыз бала мен 24 жастағы жігіт - екеуі де Қырғызстан азаматтары», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, түрлі жарақаттармен Балқаш қаласының орталық ауруханасына 40 және 29 жастағы екі әйел жатқызылды. «Toyota radius» көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушылары: 45 жастағы ер адам мен 29 жастағы әйел адамға медициналық көмек көрсетілді. Олардың бәрі Қырғызстан азаматтары

«ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптамалар белгіленіп, тергеу жүргізіліп жатыр», - деп қосты облыстың ІІД баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!