Алматы облысында ер адам аяғы ауыр әйелін соққыға жықты

Фотография - Алматы облысында ер адам аяғы ауыр әйелін соққыға жықты

Қаратал ауданының Күрішдаласы ауылында сұмдық оқиға орын алды

213 0

Қаратал ауданының Күрішдаласы ауылында сұмдық оқиға орын алды.

29 жастағы ер адам отбасы арасында болған жанжал кезінде аяғы ауыр әйелін соққыға жыққан. Болашақ ана ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Медицина қызметкерлері баланы аман сақтап қалу үшін қанша тырысса да қолдан келмеді. Өмірге келмей жатып, шарана мерт болды. Әйелге қол көтерген күдікті ер адам ұсталып, Қаратал АІІБ жеткізілді.

Жүкті әйелді ұру фактісі бойынша ер адамға қатысты ҚР ҚК 103-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!