Алматы облысында жалған полицей қолға түсті

Фотография - Алматы облысында жалған полицей қолға түсті

Алматы қаласының 24 жастағы жұмыссыз тұрғыны көрінеу жалған құжат қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда

177 0

Алматы қаласының 24 жастағы жұмыссыз тұрғыны көрінеу жалған құжат қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Облыстық жол полициясы батальонының инспекторлары «Алматы-Бішкек» тасжолының 19-шақырымында «Мерседес-бенц 230-Е» автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Жүргізуші құжатының орнына ол Алматы қаласы ІІД полиция қызметкері куәлігін көрсеткен. Жол полицейлері көрсетілген куәліктің шынайы құжат екеніне күмәнданған.

Ұсталған адам барлығын мойындап, түсінік берді.

Қазіргі уақытта тәркіленген құжат сараптамаға жіберілді. Жалған полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!