Алматы қонақүйлерінің бірінде тәнін саудалаған Қырғызстан мен Өзбекстанның 10 азаматшасы ұсталды

Фотография - Алматы қонақүйлерінің бірінде тәнін саудалаған Қырғызстан мен Өзбекстанның 10 азаматшасы ұсталды

Алматы қаласының жол маңындағы қонақүйлерінің бірінде Қырғызстан және Өзбекстанның 10 азаматшасы жыныстық қызмет көрсеткен

299 0

Алматы қаласының жол маңындағы қонақүйлерінің бірінде Қырғызстан және Өзбекстанның 10 азаматшасы жыныстық қызмет көрсеткен, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

ҰҚКБ қызметкерлері жексенбі күні тексеру жүргізген. Із кесушілер Жансүгіров көшесінде орналасқан ірі қонақүй кешенін тексерді. Жедел мәліметтерге қарағанда, мекеме әкімшілігі қонақүй қызметімен қоса жыныстық қызмет көрсетуді ұсынады.

«Ақпарат расталды. Қонақүйде жеңіл жүрісті бірнеше ондаған қыз ұсталды, соның ішінде 10-ы - Қырғызстан және Өзбекстанның азаматшалары. Сонымен қатар, жезөкшелік бизнесті ұйымдастырған 30 жастағы мекеме әкімшісі анықталды. Әйел адам Оңтүстік Қазақстан облысынан келген болып шықты. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұлтарпау шарасы ретінде ешқайда кетпеу туралы қолхат тағайындалды», - деп мәлімдеді Алматы қаласы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, полковник Таңат Назанов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!