Алматыда «БМВ» автокөлігі 6 адамды қағып кетті

Фотография - Алматыда «БМВ» автокөлігі 6 адамды қағып кетті

Алматыдағы Қабанбай көшесінің бойымен жүйткіп келе жатқан «БМВ» автокөлігі бір топ адамды қағып кетті

119 0

Алматыдағы Қабанбай көшесінің бойымен жүйткіп келе жатқан «БМВ» автокөлігі бір топ адамды қағып кетті. 

Белгілі болғандай, басқару тетігіне ие бола алмай қалған жүргізуші адамдар өтіп бара жатқан жолдың шетіндегі жолаққа шығып кетіп, 6 жаяу жүргіншіні басып өткен. Соққының қатты болғаны соншалық, 23 жастағы азамат сол жерде тіл тартпай кетті. Ал, күдіктінің өзі оқиға орнынан қашып кетпекші болған - деп хабарлады  baq.kz

Жол апатынан жарақат алған тағы бес адам ауруханаға жеткізілді. Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, алты адамды қағып өткен көліктің рөлінде «Таугүл» ықшамауданының тұрғыны, жиырма төрт жастағы жас жігіт отырған. Аяқ асты тежегішінің істен шыққанын айтып ақталған күдікті, қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Осы оқиға бойынша, қылмыстық іс қозғалып, сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!