15 тонна жүкті құжатсыз шекара асырмақ болған Қырғыз азаматы ұсталды

Фотография - 15 тонна жүкті құжатсыз шекара асырмақ болған Қырғыз азаматы ұсталды

Қазақстан-Ресей шекара бекетінде қазақстандық шекарашылар контрабандалық жүктің жолын кесті

155 0

Қазақстан-Ресей шекара бекетінде қазақстандық шекарашылар контрабандалық жүктің жолын кесті.

Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Жайсаң авто» бақылау-өткізу бекетінің наряды жалпы салмағы 15 тонна болатын жүкті құжатсыз өткізуге тырысқан 49 жастағы Қырғыз елінің азаматын ұстады.

Тексеру барысында «Скания» автокөлігінен ұялы телефондар, қолсағаттар, бейнежазу құрылғысы бар шағын ұшу аппараттары, автокөлікке арналған бейнетіркеуші құралдар, жарық беретін, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлар анықталды.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!