Көлік полицейлері Қырғызстан азаматынан 10 келіден аса героин тәркіледі

Фотография - Көлік полицейлері Қырғызстан азаматынан 10 келіден аса героин тәркіледі

Кеше, 3 желтоқсанда Көліктегі ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы,  Шу стансасындағы желілік полиция бөлімі есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлерімен Қырғызстан Республикасынан Ресей Федерациясына есірткі тасымалдау арнасын анықтады

300 0

Кеше, 3 желтоқсанда Көліктегі ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы,  Шу стансасындағы желілік полиция бөлімі есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлерімен Қырғызстан Республикасынан Ресей Федерациясына есірткі тасымалдау арнасын анықтады.

Көлік сақшылары Шу стансасындағы темір жол вокзалының перронында, «Бішкек-Свердловск» бағытындағы жолаушылар пойызына отырғызу кезінде 27 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматын ұстады. Тексеру барысында оның жол сөмкесінен салмағы 10 келі 130 грамм героин табылып, тәркіледі.

Қазір оның үстінен ҚР ҚК 259-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. (Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізуді, есiрткi заттарға немесе психотроптық заттарға қатысты өте iрi мөлшер).

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!