14 жасар қызды өгей әкесі бір жыл бойы зорлап келген

Фотография - 14 жасар қызды өгей әкесі бір жыл бойы зорлап келген

Алматы облысында 14 жасар қыз баланы зорлау оқиғасы бойынша өгей әкесі басты күдікті деп танылуда, деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

1316 1

Алматы облысында 14 жасар қыз баланы зорлау оқиғасы бойынша өгей әкесі басты күдікті деп танылуда, деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

«Алматы облысы Іле АІІБ-ға Междуречинск ауылының тұрғыны белгісіз ер азамат кәмелет жасына толмаған қызын зорлады деп шағым түсірді», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Хабарламада айтылғандай, 14 жасар қыздан жауап алу кезінде ол бір жыл бойы өзінің өгей әкесі бірнеше рет жәбір көрсетіп келгенін айтқан. Жәбір көрген қаршадай қыз бала көтеріп те қалған екен. Алайда денсаулығының нашарлығынан бала түсіп қалған.

Ал 38 жасар ер азамат өгей қызының бұл айыптауын жоққа шығарып отыр. Қызы жала жапты деген шешесі де өз күйеуін жақтап шыққан.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда. «Жасөспірімді зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бас күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Айдана 24 сәу. 2016

Әкесiн дарға асу керек осы неге Алладан қорқбайды тозақа күип өлгiр

Жауап беру