Алматыда банк қызметкері адам өлтіруге тапсырыс берген

Фотография - Алматыда банк қызметкері адам өлтіруге тапсырыс берген

Алматы қаласында криминалдық полиция қызметкерлері 33 жастағы танысын өлтіруге тапсырыс берген қаланың 29 жастағы тұрғынын қолға түсірді

136 0

Алматы қаласында криминалдық полиция қызметкерлері 33 жастағы танысын өлтіруге тапсырыс берген қаланың 29 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Оразға сілтеме жасап BNews.kz хабарлады.

«Ер адам қараша айының басында өзінің ауласында атылған болатын. Жәбірленуші банктердің бірінде қызмет атқарған. Олар іске қатысы бар үшінші тараптағы сыбайласпен бірлесіп, алаяқтық жолымен пластикалық карточкалардан ақша алып отырған», - делінген хабарламада.

Осылайша, жәбірленушіге 7 миллион теңге көлеміндегі ақшаны бермеу үшін 29 жастағы ер адам оның көзін құртуды ойлайды. Анықталғандай, аталған тапсырысты орындаған – 28 жастағы Павлодар облысының тұрғыны, ал ұйымдастырушы – Алматы облысының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Құрықталған тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы қамауға алынып, ал орындаушы атыс қаруынан жараланған күйде Павлодар облысындағы медициналық мекемеде жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!