СҚО тұрғыны қайын атасын көсеумен ұрып өлтірді.

Фотография - СҚО тұрғыны қайын атасын көсеумен ұрып өлтірді.

Тимирязев ауданы Приозерное ауылында күйеу баласы қайын атасын көсеумен соққыға жықты.

218 0

Тимирязев ауданы Приозерное ауылында күйеу баласы қайын атасын көсеумен соққыға жықты.

«Аудандық аурухананың хирургия бөлімшесінде Приозерное ауылының 57 жастағы тұрғыны ауыр жарақаттан қайтыс болды. Криминалдық полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп марқұмның 38 жастағы күйеу баласын ұстады», - деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметкері Ольга Шиян.

Қамауға алынған күйеу бала атасы екеуі арасында жанжалдың болғанын мойындады. Ол жұмыстан үйге оралғанда атасының таныстарымен бірге ішімдік ішіп отырғанының үстінен түседі. Ол ішуді тию керек деген. Алайда қонақтар бөлмесіне мас туысқанның нәжісін көргенде қаны басына шауып, қолына түскен көсеумен қайын атасын бас-көзге қарамастан ұра бастаған. Оны өгей баласы тоқтата алмаған соң көршілеріне полиция шақыруға жүгірген.

Ұсталған ауыл тұрғыны басында кінәсін мойындаудан бас тартты, алайда киіміндегі кісі қаны және куәлардың жауабы айыпты мойнындатты. Ол қазір аудандық ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр. Оның үстінен ҚР ҚК-нің 103 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!