Қарағандыда екі жолаушылар автобусына белгісіз біреу оқ жаудырды

Фотография - Қарағандыда екі жолаушылар автобусына белгісіз біреу оқ жаудырды

Қарағандыда тәртіп сақшылары жолаушылар автобусына кімнің оқ атқанын анықтап жатыр

205 0

Қарағандыда тәртіп сақшылары жолаушылар автобусына кімнің оқ атқанын анықтап жатыр, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Полицияның ақпараты бойынша, төтенше жағдай 4 желтоқсан күні Қарағандыда Сәкен Сейфуллин көшесінің бойындағы «Бірінші саяжай» автобус аялдамасында орын алған, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Белгісіз адам анықталмаған қарудан «MERCEDES BENZ» маркалы қалааралық жолаушылар автобустарына оқ жаудырған. Екі автобус та Саран қаласына қарай бағыт алған», - деп жазылған хабарламада.

Автобус салондарының бірінде 14, екіншісінде 20 жолаушы болған.

Олардың екеуі де «Автопарк № 3 » ЖШС-не тиесілі.

«Келтірілген залал мөлшері анықталып жатыр. Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы болуы мүмкін адамдарды анықтауға бағытталған шаралар жүргізілуде», - деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!