Қарағандыда күшті жел үш мектептің шатырын жұлып әкетті

Фотография - Қарағандыда күшті жел үш мектептің шатырын жұлып әкетті

Қарағандыда күшті жел бірнеше ғимараттың, соның ішінде үш мектептің шатырын жұлып кетті, деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен

148 0

Қарағандыда күшті жел бірнеше ғимараттың, соның ішінде үш мектептің шатырын жұлып кетті, деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

«Бірнеше жерде желдің екпінімен шатырлар жұлынып кетті. Қазіргі уақытта сондай 4 факті тіркелді.  Архитектурная көшесіндегі әскери-техникалық мектептің, 12 шағын аудандағы №7 дарынды балаларға арналған мектептің, 23 шағын аудандағы №25 жалпы білім беретін орта мектептің, сонымен бірге, Оңтүстік Шығыстағы моншаның шатыры ұшып кетті», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.

Қарағанды облысында желдің күшеюіне байланысты бұқараға ескерту жарияланды. Синоптиктердің ақпараты бойынша, желдің екпіні 25 м/с дейін жеткен.

Облыстың ТЖД-ден ауа райының қолайсыздығынан автокөліктерге шектеу қойылғанын хабарлайды. «5 желтоқсан күні 11:50-ден бастап қоғамдық және жүк көліктері үшін «Теміртау-Осакаровка» жол учаскесі, «Осакаровка-Астана» жолының барлық автокөлік түрлері үшін жабылғанын», - ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!