Петропавлда қолы сұғанақ қыздар ұсталды

Фотография - Петропавлда қолы сұғанақ қыздар ұсталды

Перопавл қаласының ІІБ бірінші бөлімінің қызметкерлері жұрттың сөмкесінен әмиян ұрлауды кәсіп қылған екі қызды ұстады

162 0

Перопавл қаласының ІІБ бірінші бөлімінің қызметкерлері жұрттың сөмкесінен әмиян ұрлауды кәсіп қылған екі қызды ұстады, деп хабарлады СҚО ішкі істер дапертаментінің баспасөз қызметінен.

Қалалық ІІБ полицияның бірінші бөліміне қала тұрғындарынан әмияндарының жоғалғандығы туралы бірнеше арыз түскен.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздеу шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті 23 және 29 жастағы екі қыз ұсталды. Кейін олардың біреуі осыған дейін істі болғаны белгілі болды.

Полиция бөлімінде ұсталғандардың ешқайда оқымайтындары, еш жерде жұмыс істемейтіні және екеуінің пәтер жалдап тұратыны анықталды. Екеуі де нашақорлар тіркеуінде тұр. Ұрлық фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!