Алматыда «Майкрософт» компаниясының жапсырма-стикерін сатқан әйел ұсталды

Фотография - Алматыда «Майкрософт» компаниясының жапсырма-стикерін сатқан әйел ұсталды

Алматыда «Майкрософт» компаниясының жапсырма-стикерін заңсыз сатпақ болған 32 жастағы әйел ұсталды

209 0

Алматыда «Майкрософт» компаниясының жапсырма-стикерін заңсыз сатпақ болған 32 жастағы әйел ұсталды - деп хабарлады  baq.kz

«Кеше күндізгі сағат 3-те В. деген азаматша қолға түсті. Ол Сейфуллин даңғылы бойында жапсырманы көтерме бағамен сатып алуға келіскен азаматпен кездесті. Алдын ала келісім бойынша 10 жапсырманы 35 мың теңгеге бағалаған. Сатушы кездесуге келгенде көлігінен осындай 14 жапсырма табылды. Азаматша жапсырма-стикерлерді IT-технология саласында жұмыс істейтін танысынан алғанын айтты», - деді Алматы қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасының «К» бөлімінің басшысы полиция майоры Асқар Сысоев.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүріп жатыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!