Қызылорда полицейлері 10 келі героин алып бара жатқан Қырғызстан азаматын ұстады

Фотография - Қызылорда полицейлері 10 келі героин алып бара жатқан Қырғызстан азаматын ұстады

Қызылорда полицейлері ірі мөлшерде есірткі затын тасымалдау арнасының жолын кесті

268 0

Қызылорда полицейлері ірі мөлшерде есірткі затын тасымалдау арнасының жолын кесті.

«5 желтоқсан күні Қызылорда ОІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Қырғызстаннан Ресей Федерациясына есірткі тасымалдау арнасының жолын кесті. Облыс орталығында қызылордалық полицейлер Қырғызстанның 37 жасар азаматынан 10 кг шамасында героин бар 10 брикетті тәркіледі», - делінген хабарламада.

Тәркіленген бумаларда көк бояғышпен жасалған «құстың ұшуы» белгіленген мөр, «Афганистан» деген жазу және араб әріптерінен құралған жазулар жазылған. Ұсталған азаматтың айтуы бойынша, ол 4 желтоқсан күні Жамбыл облысының Шу ауданының Баласағұн ауылында бөгейтін желіні бұзып өтіп, жолаушы көлікпен Қызылордаға келген. Күдікті есірткіні Ресей қаласы Самарада теміржол көлігінде сатпақ болған.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр - деп хабарлады ҚазАқпарат

Жалпы, Қызылорда облысының полицейлері биыл жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 50 мың мөлшердегі героиннің өткізу жолын кесті.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!