Алматы облысында өз серіктесінің мүлігін қасақана өртеді деген күдікті ұсталды

Фотография - Алматы облысында өз серіктесінің мүлігін қасақана өртеді деген күдікті ұсталды

Алматы облысы полициясы өз серіктесінің мүлігін қасақана өртеді деген күдіктіні ұстады

166 0

Алматы облысы полициясы өз серіктесінің мүлігін қасақана өртеді деген күдіктіні ұстады.

Талғардың ірі коммерциялық кәсіпорындарының шемішке шығаратын цехы ағымдағы жылдың мамыр айында отқа оранған болатын. Өрт-техникалық сараптама қорытындысы бойынша, өндірістің қасақана өртелгені анықталды.

Залал сомасын бизнесмен 1 миллион теңгеге бағалады.

Бірнеше ай бойы тергеу жүргізу барысында Талғар полицейлері зардап шекен адамның бизнес бойынша серіктесі болып шыққан күдіктіні анықтап, ұстады. Ұсталған адам өз түсініктемесінде жеткізуші болып табылатынын, зардап шегуші кәсіпкер өзімен іскерлік байланысын үзбек болғанын түсіндірді. Содан кейін ол 29 мамыр күні өндіріс цехын өртеп жіберген - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Талғар АІІБ тергеушілері ҚР ҚК 187-бабы «Бөтен мүлікті қасақана бүлдіру немесе жою» бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!