Шымкентте қоқыс жәшігінен нәрестенің өлі денесі табылды

Фотография - Шымкентте қоқыс жәшігінен нәрестенің өлі денесі табылды

Шымкентте жаға ұстатар жағдай орын алды. Қаладағы қоқыс жәшіктерінің бірінен жаңа туылған нәрестенің өлі денесі табылған

202 0

Шымкентте жаға ұстатар жағдай орын алды. Қаладағы қоқыс жәшіктерінің бірінен жаңа туылған нәрестенің өлі денесі табылған. Өз анасы өзегінен тепкен бейкүнә шарана Темірлан тасжолы бойындағы көпқабатты үйдің ауласында жатқан дейді куәгерлер.

Нәрестені таңертең қоқыс төгуге шыққан қала тұрғыны тауып алған. Қалдықтар үйіндісінің жанында жатқан сәбиді, алғашында, ішек-қарын деп те ойлағанын айтады. Жақындап қарағанда барып оның адам баласы екеніне көзі жетіп, дереу полицияға хабар берген.

«Таңертең қоқыс төгуге келдім. Қарасам, қан-қан болып бірдеңе жатыр. Алғашында мән бермедім, өйткені бұл маңда малды сойып, ішек-қарнын итке лақтыратындар көп. Бірақ, жүрегім бірдеңені сезді. Анықтап қарасам, кіп-кішкентай сәби жатыр! Құлағы қалқиған, аяқ-қолдары, көзі бар. Қып-қызыл болып жатыр. Әйелмін ғой, жаңа туылған нәресте екенін бірден білдім» дейді Гульфия есімді тұпғын - деп хабарлады  baq.kz

Куәгердің айтуынша, шарананы анасы түнде тастап кетуі әбден мүмкін. Түнгі аязға шыдамаса керек, сәбидің денесі қатып қалған. Оқиға орнына полиция бөлімінің шұғыл-тергеу тобы келіп, мәйітті сараптамаға алып кетті. Қазіргі уақытта шарананы тастап кеткен тасбауыр анасы іздестірілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!