Ақтөбе полицейлері зауытты өрескел тонаудың алдын алды

Фотография - Ақтөбе полицейлері зауытты өрескел тонаудың алдын алды

Төрт белгісіз адам полиэтилен зауытын тонауға тырысқан

144 0

Төрт белгісіз адам полиэтилен зауытын тонауға тырысқан, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Шабуылдаушылар зауыттың күзетші вагонына баса көктеп кіріп келіп, 50 жастағы күзетшіні ұрып-соғып, байлап қойған. Дер кезінде келіп жеткен жол-патрулдік полиция батальонының қызметкерлері 27-36 жастар шамасындағы төрт ер адамды ұстады. Қылмыскерлер ақша, ұялы телефон және компьютерді ұрламақшы болған.

Сұрақ-жауап алу кезінде ұсталғандар істеген істерін толығымен мойындады. Қазіргі уақытта күдіктілер ҚР ҚІК 132-бабында көрсетілген тәртіппен Ақтөбе қаласы уақытша қамау оқшаулағышына тоғытылды. Жеке тексеру жүргізу кезінде күдіктілерден орамал, көз орнынан кесілген ойығы бар тоқылған бас киім және скотч тәркіленді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!