Ақмола облысындағы зират басынан балалар үйінің екі тәрбиеленушісінің асылған мүрделері табылды

Фотография - Ақмола облысындағы зират басынан балалар үйінің екі тәрбиеленушісінің асылған мүрделері табылды

Степногорск қаласы ІІД кезекші бөліміне телефон арқылы зираттар аумағынан асылған күйіндегі екі жас баланың мүрдесі табылғаны туралы хабар келіп түскен

437 0

Степногорск қаласы ІІД кезекші бөліміне телефон арқылы зираттар аумағынан асылған күйіндегі екі жас баланың мүрдесі табылғаны туралы хабар келіп түскен.

Белгілі болғандай, екі жас жігіттің бірі Жолымбет ауданы балалар үйінің тәрбиеленушісі, ал екіншісі Урюпинск балалар үйінің тәрбиеленушісі болып шыққан, олар Ақмола облысы Астраханка ауылындағы техникалық колледжінде оқыған. Мерт болған балалар осыдан бір апта бұрын астан уланып түскен аудандық ауруханадан қашып кеткен.

Жоғалып кеткен жас жігіттердің мүрдесін зират басына келген Степногорск қаласының тұрғыны көрген. Дереу зираттар директорына хабарлап, ол полицияға телефон соққан.

Оқиға орнынан қаза болғандардың құжаттары мен сырт киімдері табылған - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!