Тапсырыспен жасалған кісі өлімінің беті ашылды

Фотография - Тапсырыспен жасалған кісі өлімінің беті ашылды

Оңтүстікте жаға ұстатарлық тағы бір қылмыс әшкере болды. Полицейлердің мәліметінше, 40 жастағы келіншек 23 жастағы күйеуін өлтіруге тапсырыс берген

335 0

Оңтүстікте жаға ұстатарлық тағы бір қылмыс әшкере болды. Полицейлердің мәліметінше, 40 жастағы келіншек 23 жастағы күйеуін өлтіруге тапсырыс берген.

Баласы қатарлы жігітті бақиға аттандыруға бел буған әйел ғашығының өмірін 1 млн. теңгеге бағалайды. Кәсіпкерлікпен айналысатын әйел киллерді алыстан іздемепті. Бұл іске өз туыстарын тартқан. Ал балық аулауды сылтауратқан күдіктілер жігітті қала сыртына алып шығады. Сонан соң, көліктің қауіпсіздік белдігімен буындырып, өзен жағасына көміп тастапты. Оқиға осыдан бес ай бұрын болған. Ал із-түссіз жоғалғандар қатарында болған жігіттің мүрдесін полицейлер тауып алған - деп хабарлады  baq.kz

САЛТАНАТ ҚАРАКӨЗОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Ол негізінде жәбірленушімен азаматтық некеде тұрған, бір жарым жыл бойы. Бұл әйелдің өзінің шағын бизнесі болған. Осы бизнесін жүргізу кезінде жәбірленушімен жанжал шығатын болған, ақша үшін. Күдікті азаматшаның айтуына қарағанда, оның бизнесіне қол салмақшы болған.

 

Қазір қылмыс жасады деп айыпталған екі қаскөй мен тапсырыс беруші келіншек қамауға алынып, олардың үстерінен қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!