Қазақстанның оңтүстігінде ескеру ретіндегі оқ атудан кейін екі контрабандашы ұсталды

Фотография - Қазақстанның оңтүстігінде ескеру ретіндегі оқ атудан кейін екі контрабандашы ұсталды

Тараз шекара отрядына қарасты Қаратау заставасының наряды қазақ-қырғыз шекарасынан салмағы 20 тонна болатын халық тұтынатын тауарларды заңсыз жолмен алып келе жатқан Қазақстан және Қырғыз Республикаларының азаматтарын ұстады

182 0

Тараз шекара отрядына қарасты Қаратау заставасының наряды қазақ-қырғыз шекарасынан салмағы 20 тонна болатын халық тұтынатын тауарларды заңсыз жолмен алып келе жатқан Қазақстан және Қырғыз Республикаларының азаматтарын ұстады.


Контрабандалық іске қатысы бар азаматтар дала жолында орналасқан шекара қақпасынан 500 метр жерде ұсталды. Олар бақылау бекетінен тыс жердегі қоршауды бұзып, осылайша мемлекеттік шекараны кесіп өтуге талпынды - деп хабарлады   newskaz.kz

«Көршілес мемлекеттің нөмірімен келе жатқан екі бірдей «Камаз» жүк көлігін байқаған шекара наряды тоқтау талабын қойғанымен, олар бұған құлақ аспастан қашып кетуге тырысты. Көлікті тоқтату мақсатында шекара нарядының аспанға 4 рет оқ атуына тура келді, осыдан кейін контрабандашылар амалсыздан тоқтауға мәжбүр болды»,-делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Жүк тиелген автокөліктер «Кеңес» заставасына қойылды, заң бұзушыларға алдын ала ҚР ҚК 330 бабының 2 тармағы және 209 бабының 2 тармағы бойынша айып тағылуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!