Зираттан әйел мәйіті табылды

Фотография - Зираттан әйел мәйіті табылды

Қарағанды облысының Саран қаласында зираттан сөмкеге салынған әйел мәйіті табылды

244 0

Қарағанды облысының Саран қаласында зираттан сөмкеге салынған әйел мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«Саранда қалалық зиратта итімен серуендетіп жүрген ер адам жаға ұстатарлық жайтқа тап болды. Мәйіттердің бірінің жанынан қытайдың сөмкесіне салынған тамағы кесілген әйел адамның мүрдесі табылды. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері қаза болған әйелдің кім екенін анықтады. 39 жастағы қаланың жұмыссыз тұрғыны қылмыскердің құрбанына айналған», - деп жазылған хабарламада.

Қарағанды облысының ІІД криминалды полициясының және Саран қаласының ІІБ қызметкерлері осы іске күдікті 32 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады.

«Ұсталған адам өз қылмысын мойындап, 6 желтоқсан күні кешке өзінің пәтерінде зардап шеккен әйелмен бірге ішімдік ішкеннен кейін, екеуінің арасында жанжал шығып, ол ас үй пышағымен әйелді өлтіргенін, содан кейін қылмысын жасыру үшін мәйітті сөмкеге салып, 23:00-де зиратқа апарып тастағанын айтты», - деп мән-жайды түсіндірді облыстың ІІД баспасөз қызметінен.

Ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, ҚР ҚК 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!