Ақтөбеде 25 жастағы есірткі саудалаушы ұсталды

Фотография - Ақтөбеде 25 жастағы есірткі саудалаушы ұсталды

Ақтөбе облысының есіркіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шарасының барысында Рысқұлов көшесінде 25 жастағы ақтөбелік жүргізіп келе жатқан «Опель Астра» маркалы автокөлігі тоқтатылды

132 0

Ақтөбеде 25 жастағы есірткі саудалаушы ұсталды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Ақтөбе облысының есіркіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шарасының барысында Рысқұлов көшесінде 25 жастағы ақтөбелік жүргізіп келе жатқан «Опель Астра» маркалы автокөлігі тоқтатылды.

Ұсталған адамды тінту барысында одан екі полиэтиленге салынған жасыл түсті зат табылды. Тағайындалған сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген есірткі затының «марихуана» екені анықталды. Жалпы салмағы 1,5 келі.

Тергеушілер күдіктінің 12 грамм марихуананы 18 жастағы жасөспірімге сатып үлгергенін анықтады.

Қазір күдіктіге қатысты есірті заттарын сақтап, сатқаны үшін ҚРҚК 259-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!