Дүкендерде сапасыз ауызсу сатылған

Фотография - Дүкендерде сапасыз ауызсу сатылған

Атырауда ауызсуды тазалап, сүзгіден өткізіп сатуды кәсіп ететін жеке кәсіпкер елді алдап келген

156 0

Атырауда ауызсуды тазалап, сүзгіден өткізіп сатуды кәсіп ететін жеке кәсіпкер елді алдап келген.

Тұрғындарға 19 литрлік құтылармен таза судың орнына сапасыз өнімді ұсынғандардың тірлігі прокурорлық тексеріс кезінде  анықталды. Тіршілік нәрін сүзгілеп, түрлі қосындылармен байыттық деп қымбат бағаға саудалаушылар өз өнімдерін мүлде лас жерде дайындап келген. Атап айтқанда, су құятын құтылар дұрыс шайылмайды. Қақпақтар әр жерде шашылып жатады. Судың сапасы мен құрамын анықтайтын зертхана да, сарапшы маман да жоқ. Өрескел кемшілікті санитарлық қадағалау басқармасының өкілдері көрді. Алайда, бақылаушы орган өкілдері бұл нысанның жұмысына тыйым сала алмады. Өйткені, оларға мемлекет тарапынан жеңілдіктер беріліп, мораторий жарияланған. Ал кәсіпкер болса маған қарсы ешбір тұтынушы арыз-шағым жазған жоқ деп отыр. Жалпы облыс орталығында су тазалап сататын 20 кәсіпкерлік нысан бар - деп хабарлады 24.kz

Айбек Қанатбеков, Қала прокурорының аға көмекшісі:

- Су құятын ыдыстарға сәйкестендіру сертификаты мүлдем жоқ. Бұл «Водолей» маркасына да жоқ. Сонымен қатар, су құятын бөлмеде тамақ та жасап жатыр. Осындай көптеген заңбұзушылықтар анықталды. Қазір судың үлгісі алынып, сараптамаға жіберілді. Соның қорытындысы бойынша шара қолданамыз.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!