Алматыда тағы да базар өртенді

Фотография - Алматыда тағы да базар өртенді

Алматы базарларының бірінде тауар толы 5 контейнер өртеніп кетті

154 0

Алматы базарларының бірінде тауар толы 5 контейнер өртеніп кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады. Қазір бұл базарлар өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтіндіктен жабу туралы шешім шығарылған.

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні «Алатау-2» базарында бағалы заттарға толы 5 контейнер өртеніп кетті. Жараланғандар мен қаза болғандар жоқ. Жалпы 150 шаршы метрді өрт шалды. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жарты сағатта өртті толығымен сөндірген.

Естеріңізде болса, екі апта бұрын осы базарда спорт тауарлары қойылған бутик өртенген болатын. Жалпы соңғы айларда Алматы базарларында бірнеше базар өртеніп, адамдар қаза болған. Сондықтан ҚР ТЖМ сот арқылы Алматының бірқатар базарларын жабуға мүдделі болып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!