ШҚО тұрғыны қызбен арадағы жанжалдан кейін оған жанармай құйып, тірідей өртеп жіберді

Фотография - ШҚО тұрғыны қызбен арадағы жанжалдан кейін оған жанармай құйып, тірідей өртеп жіберді

Шығыс Қазақстан облысының  Парыгино ауылының тұрғыны қызбен арадағы жанжалдан кейін оған жанармай құйып, тірідей өртеп жіберді

126 0

Шығыс Қазақстан облысының  Парыгино ауылының тұрғыны қызбен арадағы жанжалдан кейін оған жанармай құйып, тірідей өртеп жіберді деп хабарлайды облыстық ІІД.

Ведомствоның мәліметінше, өрт жекеменшік тұрғын үйде  болды, жатын бөлме едені, жиһаз, төсек-орын, көлемі 13,5 шаршы метр заттар өртенді.

«Үйді барлау кезінде  толық өртенген 21 жасар әйелдің мүрдесі табылды. Тексеру кезінде 22 жасар ер адам  тұрмыстық жанжал кезінде қаза болған адамға белгісіз жанармай құйып, өртеп жіберген», -делінген хабарламада.

ТЖД анықтағандай,  ер адам  өрттеу кезінде өзі де 1, 2 деңгейлі бет, мойын, жоғарғы дене бөлігі күйігін алған, жедел жәрдеммен ол АІІБ  қызметкерлерімен бірге Зыряновск қаласы ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді.

Өлім себебі, залалы анықталуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!