ШҚО-да полицейлер кәсіпкерді қатігездікпен өлтіргендері үшін ұзақ мерзімге сотталды

Фотография - ШҚО-да полицейлер кәсіпкерді қатігездікпен өлтіргендері үшін ұзақ мерзімге сотталды

 Өскеменде бүгін жазықсыз адамды жазым еткен қызылжағалы қылмыскерлерге сот үкім шығарды. Погон таққан қасқөйлер сот залынан бірден қатаң режимдегі колонияға әкетілді

208 0

 Өскеменде бүгін жазықсыз адамды жазым еткен қызылжағалы қылмыскерлерге сот үкім шығарды. Погон таққан қасқөйлер сот залынан бірден қатаң режимдегі колонияға әкетілді.


Қылмыстық топқа жетекшілік еткен Аягөз аудандық Ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Алтынбек Жұмабеков енді 22 жылын темір торда өткізуі тиіс. Сондай-ақ оны жазасын өтейтін жерде маскүнемдіктен де күштеп емдейді. Ал сыбайлас қос офицер Болат Жангелдин мен Серікжан Жұмашев 18 жылдан арқалады. Барлығының мүлкі тәркіленіп, қылмыскерлер сот шешімімен шендерінен де айырылды - деп хабарлады  newskaz.kz


Естеріңізге сала кетейік, биыл маусым айында Аягөзге мал сатып алуға келген астаналық азаматты қаскөйлер азаптап өлтіріп, мәйітін қорым маңына лақтырып кеткен болатын. Сөйтіп, кәсіпкердің 4 жарым млн теңгесін өзара бөлісіп алған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!